ҚР ДСМ: Елімізде карантин талаптары жеңілдеуі мүмкін

Екі күннен бері елде коронавирустың таралу көрсеткіші азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі 24 сағатта ауру 768 адамнан анықталды. Бірер күн бұрын Қазақстан аурудың таралу көрсеткіші бойынша «жасыл аймаққа» өткен болатын. Осылай жалғаса берсе, апта соңына қарай елде карантин талаптары жеңілдетілуі мүмкін. Қазір республика бойынша елорда мен Қарағанды облысы «қызыл аймақта» тұр. Тағы бес өңір «сары аймақта». Ал қалған өңірлер «жасыл аймаққа» өтті.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Эпидемиологиялық ахуал өзгергеннен кейін 7 күн бақыланады. Егер жағдай тұрақты болса, онда соған байланысты шешім шығарылады. Республика жеті күн бойы «жасыл аймақта» тұрса, мемлекеттік санитарлық дәрігер карантин талаптарын жеңілдету мәселелерін қарастырады. Соған байланысты облыстық санитарлық дәрігерлер де қаулысын өзгертуі керек. Ол аймақтағы эпидемологиялық ахуалға байланысты жеңілдеуі не қатаңдауы мүмкін.