Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімді сот отырысының онлайн трансляциясында тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева жариялады.

8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адаммен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге және тұрғын үйден шығуға тыйым салуды сұраған. Бұған жауап ретінде экс-министр оған айыпталушы емес адамдармен кездесуге, телефонмен сөйлесуге және электронды қосымшаларды пайдалануға рұқсат етілгенін айтты. Сондай-ақ, Біртанов оған қозғалыс құқығын беруді сұрады, өйткені оны қазіргі жұмысы талап етеді. Ол жеке компанияда жалдамалы директор болып жұмыс істейді. Бірақ бүгінгі отырыста сот шешімімен күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырылмады.

Осы тақырыптағы өзге де материалдар: 

Біртановтың ісі бойынша тергеу мерзімі ұзартылды

Біртановтың туыстарынан өзге адамдармен араласуына тыйым салу сұралды

Е.Біртанов үйқамақта қалады

Елжан Біртанов: Сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ

Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Елжан Біртанов жұмысқа орналасты