Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Жылы және құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етті.

Алайда Скандинавия аймақтарынан келетін суық антициклонның әсерінен елдің солтүстік жартысында ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді. Егер оңтүстікте ауа температурасы аздап төмендесе, оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5...13°С-қа дейін, күндіз 20...28°С-қа дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.