423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет бөлген қаржы шаруаларға жетпейді – сенатор

  • 344
  • UPD: 14:33, 17.06.2021
Мемлекет бөлген қаржы шаруаларға жетпейді – сенатор фото: taraz.atameken.kz

Мемлекеттік қолдау ретінде бөлінген қаржы аграрлық салаға жетпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде делдалдардың кесірінен халық ауылшаруашылық өнімін қымбатқа алуға мәжбүр. 2017-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын 60 млрд теңгенің жеңілдік несиесі бөлініп келген. Былтыр бұл қаржы тіпті 70 млрд-қа жеткізілген. Сенатор Сұлтан Дүйсембиновтың айтуынша, мұндағы несие алушылардың көбі алыпсатар компаниялар қатарынан. Олар фьючерлік келісімшарт жасап қана 30%-тік табысқа кенеліп отырады. Осылайша, демеу қаржының қомақты үлесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолына жетпейді. Оған қоса, субсидия бөлудің тетігі түсініксіз, бармақ асты, көз қысты әрекеттер жасауға қолайлы. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғалы бері 144 қылмыстық іс қозғалған. Сенатор Андрей Лукиннің мәліметі бойынша мемлекетке 2,1 млрд теңге көлеміндегі зардабы тиді. Осы ретте аграрлық саланы субсидиялау жүйесін жетілдіру ұсынылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы