«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы қаруды заңсыз сақтады ма?

СҚ «Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қаруды заңсыз иемдену мен сақтау бабы бойынша айып тағылып отыр.

Бүгінгі сот отырысында осы мәселеге қатысты куәгерлер сөз алды. Мәлім болғандай Б.Шәріп 2006 жылы Шымкент қаласындағы қару-жарақ сататын дүкеннен травматикалық тапанша сатып алған. Оқ-дәрі мен қару сататын мекеме өкілдерінің айтуынша, ол кезде травматикалық қару еркін саудаланатын. Содан кейін оның саудасы мен айналымына қатысты заң екі мәрте өзгерген. Осы ретте қорғаушы тарап судьядан ішкі істер министрлігінің өкілін шақырып, қосымша түсініктеме алуға рұқсат беруді сұрады. Мәселенің мән-жайын тереңірек түсінуге қажет деп санаған судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Сондай-ақ, сотта белгілі болғандай тергеуге Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев пен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қатысуы тиіс.