424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды

  • 224
  • UPD: 10:18, 22.06.2021
А.Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Вирустың репродуктивтік индексі 1 құрайды, инфекциялық төсек орындар 25%, реанимациялық төсек орындары 21% толы.

Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр, «сары аймақта» 5 өңір: Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 11 өңір «жасыл аймақта». Бүгінгі таңда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астамы екінші компонентті алды.

Премьер-министр елордада коронавирустың үнділік «Дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталғанын, оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршитінін және салдары анағұрлым ауыр екенін атап өтті. 

Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Ведомствоаралық комиссияға елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Жалпы, Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлай түсуде. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға және вакциналау қарқынын арттыруға ерекше назар аудару қажет», – деді А.Мамин.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы