Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бүгін Мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін», – деп жазды Президент твиттер парақшасында.