Үнді штамының анықталуы: Қазақстанда локдаун жариялана ма?

Үнді штамы ықтималдығының анықталуына байланысты Қазақстанда локдаун жариялана ма?

Бұл сұраққа ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде жауап берді.

«Бүгінгі күні республика аумағында локдаун енгізуге байланысты ешқандай қажеттілік көріп тұрғанымыз жоқ. Ол күн тәртібінде де жоқ. Кеше өткен ведомствоаралық комиссия отырысында елорда бойынша бірқатар нақты шектеу шараларын қабылдадық. Олардың бәрін алдын алу шаралары деп айтуға толықтай негіз бар. Сол қабылданған шаралар бойынша жұмыс жүргіземіз. Ары қарай нақты шешім қабылдау эпидситуацияға байланысты болады», - деді Ералы Тоғжанов.