Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп жазылған өкім мәтінінде.