Шілде аптап ыстықпен басталады

Шілде аптап ыстықпен басталады

Қазақстанның көптеген өңірінде температуралық фон жоғарылайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты. Тек республиканың батысында шілде айының басында найзағаймен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бұл жылудың аздап әлсіреуіне ықпал етеді: түнде 17-22-ге дейін, күндіз 27-35-ке дейін жылу. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15-22-ге, күндіз 30-38-ге дейін жылу. Оңтүстік өңірлерде әлі де құрғақ және ыстық ауа райы түнде 20-25, күндіз 35-42 жылу.