424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның Ұлт жоспары сәтті жүзеге асуда

  • 255
  • UPD: 23:27, 29.06.2021

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадамның» жетпіс екісі жүзеге асырылды.

Бес институционалдық реформа мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында түрлі бағыттағы дамудың нақты тетіктері көрсетілген.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында құзырлы орган басшылары атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Әсіресе мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, мектепте оқыту стандарттарын жаңарту, экономиканың энергия тиімділігін арттыру сынды мәселелерге басымдық берілген. Ендігі мақсат жаңа ірі жобаларға стратегиялық инвесторларды тарту, өңдеу және экспорттық әлеуетті дамыту.

Хабар 24 телеарнасы