Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп күтілуде. 

Бейнебайланыс форматында жүретін жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді. Үкімет отырысынан егжей-тегжейлі ақпаратты алдағы сағаттардағы жаңалықтардан біле аласыздар. Арнамыздан алыстамаңыздар!