424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Басты мақсат – экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру

  • 376
  • UPD: 15:40, 10.07.2021

«Басты мақсат - экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 процентке өсті. Бұл қуантарлық жайт».

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарысқа қарсы іс-шаралардың және карантиндік шектеулерден кейін іскерлік белсенділік қалпына келді.

«Біздің міндетіміз - екінші жарты жылдықта экономика өсімі қарқынын арттыру», - деді Мемлекет басшысы. Дегенмен, халықты қымбатшылық қысып тұр. Асқар Мамин келтірген дерек бойынша әлемде азық-түлік 34 процентке қымбаттаған. Жыл басынан бері мұнай бағасы да 44 процентке өсті. 1 баррелі 73 долларға дейін жетті. Металл да қымбаттады. Әлемдік инфляцияның өсуі, қаржы нарықтарында тұрақсыздық, сондай-ақ вирустың жаңа мутацияларының пайда болуы, жаһандық экономикада белгісіздік факторлары жоғары деңгейде қалып отыр», - деді Үкімет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы