424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 319
  • UPD: 10:59, 12.07.2021
Жаңбыр, бұршақ, дауыл: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы liter.kz

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 13-15 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінің ауа райына циклон және онымен байланысты фронтальді бөлімдер әсер ететін болады. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді.

Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.

Хабар 24 телеарнасы