Міндетті вакцинаның мерзімі белгілі болды

Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында міндетті вакциналаудың мерзіміне  өзгеріс енгізілді.

Қоғамдық орындарда, қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтіндер екпенің бірінші компонентін 10-шы тамызға дейін салдыруы керек. Одан кейін тексеру жүргізіліп, ұжымда вакцина салдырмаған қызметкері бар кәсіпорын жауапқа тартылуы мүмкін. Ал екінші компонентін егу 1 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы тиіс. Вакцина кері әсер ететін азаматтарға дәрігер анықтама береді.

Сондай-ақ кейінгі үш ай ішінде коронавируспен ауырып шыққандар вакцина салудан босатылады.