«Пфайзер» вакцинасының Қазақстан азаматтарына толық жететіндей мөлшері әкелінеді

Күзде елімізге «Пфайзер» вакцинасының Қазақстан азаматтарына толық жететіндей мөлшері жеткізіледі.

Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.

Айтуынша, тараптар екпенің тасымалы жөнінде ортақ келісімге келді. Алайда келісім-шартқа қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, елімізде қызмет көрсету саласының мамандары екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін, ал екінші бөлігін 1 қыркүйекке дейін салдыру керек. Ал вакцинадан бас тартқан азаматтар әр 7 күн сайын ПТР-сынама тапсыруға міндеттеледі. Жұмыс берушінің өз қызметкерін тест тапсырмаған жағдайда да қызметтен қууға құқығы жоқ. Тек уақытша қашықтан жұмыс істеу форматына көшіреді.

Сондай-ақ...