Қазақстанда 12 жастан асқан балалар коронавирусқа қарсы екпе алады

Елде енді 12 жастан асқан балалар да екпе алады.

Оларға америкалық Файзер вакцинасы салынады. Бұл туралы санитарлық-эпидемиолиялық бақылау комитетінің төрағасы мәлімдеді. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, америкалық екпе тек 4-тоқсанда жеткізіледі.

Айта кетейік, елде 12 мен 18 жас аралығында 2 миллионға жуық бала бар.

Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Төрағасы:

– Дельта штамының кеңінен таралуына байланысты елдегі балалар да коронавируспен жиі ауыратын болды. Сондықтан оларды қорғауымыз керек. Бірақ міндетті түрде ата-аналарының рұқсатын алуымыз керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік тағы бір екпені тіркеді. Ол Спутник Лайт деп аталады. Бір ғана компонентті. Жаңа екпенің құрамы Спутник V-ға ұқсайды. Вакцина қазақстандықтардың таңдау мүмкіндігін арттыру үшін ұсынылып отыр.

«Бұған дейін сол вакцинаны алғандар Спутник Лайтты қайта қолдана алады»,  дейді мамандар.

Сондай-ақ...