Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 22-24 шілде аралығында ауа райы қандай болады?

«Ауа райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жауын-шашыннан басқа ауа температурасының күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 жылыға дейін, оңтүстікте 37-44 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, тек еліміздің батысында ғана 33-41 градустан 25-33 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.