Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты пікір білдірді.

«25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерісті жүзеге асыру керек», - деп жазды Президент twitter парақшасында.