425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елдос Сметов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

  • 416
  • UPD: 17:45, 24.07.2021
Елдос Сметов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы медальды Елдос Сметов салып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері алғашқы белдесуін сәтті аяқтап, жартылай финалға өткен. Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді. Тек жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездесуінде екеуі бір-бірін жыға алмай, қосымша уақыт берілді. Осы 10 минутта Елдос қарсыласына есе жіберді. Дегенмен, Елдос келесі кездесуінде нидерландтық Торние Цакаджоені жеңді. Сөйтіп, қазақстандықтар арасында Олимпиаданың алғашқы медалін Елдос Сметов алып беріп, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Cондай-ақ Олимпиада ойындарында 57 келіге дейінгі салмақта рингке шыққан боксшымыз Серік Теміржанов алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Ширек финалда ол Венгриялық Роланд Галошты екі рет нокаутқа жіберді.  ҚорЫтынды есеп: 5:0.

Жарыстың алғашқы күні қытайлық Ли Янаньға есе жіберіп алды. Біздің спортшымыз 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен болатын.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Хабар 24 телеарнасы