425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

7 тамызға арналған Токио Олимпиадасының жарыс кестесі

  • 1653
  • UPD: 01:58, 07.08.2021
7 тамызға арналған Токио Олимпиадасының жарыс кестесі olympic.kz

Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың 5 түрінен сайысқа түседі, деп хабарлайды Sports.kz.

Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат.

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстардың кестесі:

 

Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал

Жанна Мамажанова

Басталуы: 03:00.

 

Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу

Софья Берульцева

Басталуы: 11:00.

 

Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу

Данияр Юлдашев

Басталуы: 11:00.

 

Заманауи бессайыс. Ерлер

Павел Ильяшенко

Басталуы: 11:42.

 

Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу

Сергей Пономарев

Басталуы: 12:48.

 

Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі

Дәулет Ниязбеков.

Басталуы: 15:45.

 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншіледі.  

 

Хабар 24 телеарнасы