423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елжан Біртанов 14 қыркүйекке дейін үйқамақта отырады

  • 208
  • UPD: 15:17, 26.07.2021
Елжан Біртанов 14 қыркүйекке дейін үйқамақта отырады фото: azattyq-ruhy.kz

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 14 қыркүйекке дейін үйқамақта отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соттың шешімімен келіспеген қорғаушылар апелляциялық шағым берген болатын. Алайда, келтірілген дәйектер жеткіліксіз әрі істі қараған әріптесінің заңға сай жұмыс істегенін алға тартқан сот бұл шағымды қанағаттандырмады. Ал Елжан Біртанов кінәсін мойындамай отыр. Оның ойынша, тағылған айыпты қайта-қайта ауыстыра беру дұрыс емес.

Еске салайық, бұрынғы Денсаулық сақтау министріне мемлекет қаржысын жымқырды, кейін қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы