Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді», - деп жазды.