424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясымен кездестi

  • 420
  • UPD: 20:25, 29.07.2021
Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясымен кездестi

Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің (АҚШ) делегациясымен бейнебайланыс режимінде кездесті.

Кездесу барысында Аризона университеті мен отандық жоғарғы оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.

Президенттің айтуынша, жаһандану үдерісінің әлем елдеріндегі білім беру саясатына тигізетін әсері артып келеді. 

– Кейінгі жиырма жыл ішінде еліміз жоғарғы білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандырды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қатынастар көптеген саланы қамтиды. Әсіресе ғылыми зерттеу және студенттер мен оқытушылар алмасу салаларындағы ықпалдастық маңызды саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Американдық жоғарғы оқу орынымен ынтымақтастық аясында өңірлік университеттер базасында халықаралық стандарттарға сай бірлескен білім бағдарламалары әзірленеді. 

Аризона университетінің өкілдері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарына барды. Соның ішінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы