Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады

Қазақстан халқының саны 19 милионға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында хабардар етті.

Онда президент «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!» деп жазған.