Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды», - делінген хабарламада.