Мектептерде 1 қыркүйектен бастап Ashyq жүйесі енгізіледі

Бұл туралы «Хабар 24» Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Яғни қосымша тек мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейтін болады. Ал оқушылар термометрияны, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Балаларды асханада кесте бойынша тамақтандыру жоспарланып отыр. Сыныптарда дезинфекция жүргізіледі. Жаңа оқу жылдан бастап ата-аналарға білім беру мекемесіне кіруге тыйым салынады.