Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні

Бүгін – Абай Құнанбаевтың туған күні.

Абай қазақтың ұстазы, ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткері. Ұлы ақынның туған күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында мейірім марафоны ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер Қарауыл ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді. Қайырымдылық акциясы аясында, әлеуметтік көмекпен бас-аяғы 10 шаңырақ қамтылды.

Айнаш Зейнелқызы, Қарауыл ауылының тұрғыны:

- Көп балалы анамын. 5 балам бар. Осындай бізге көмектер жасалып тұрады. Көп рахмет. Бізді ұмытпайды ылғи. Қандай да көмек болсын, бізге жасап тұрады.