А.Цой: Қазақстандағы ревакцинация уақытын атады

Елде екпені екі қайтара салатын болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

Айтуынша, ревакциналауды 9 айдан кейін жасау керек. Қазір әлемнің біраз елінде мұндай тәжірибе қолданылып жатыр екен. Соған қарағанда, екпенің күші 9 айға жететін көрінеді. Біздің елде екпені алғаш болып дәрігерлер қабылдаған еді. Олар биыл ақпан айында салғызған. Енді жыл соңына қарай тағы да егілуі мүмкін.

«Ол қазан-қараша айларына тұспа-келетін шығар», - деді министр. Қазір ведомство басшылығы осы мәселені шешіп жатыр.