Ауғанстандағы ахуал мұқият бақылауда – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда» делінген твиттердегі жазбада.