423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

  • 309
  • UPD: 11:13, 17.08.2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мемлекет басшысы Сеулде Абай ескерткішінің ашылуына қатысады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы