Мемлекет басшысы Пусан қаласында ҚР Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Пусан қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды.

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті                                                     Қ.Тоқаев