Цой ковидтің тәуліктік жұғу көрсеткішіне жаңа болжам жасады

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа болжам жасады.

Болжам қараша айына дейін жасалған. Сонымен пессимистік сценарийде қыркүйек айында тіркелген жағдайлардың орташа саны бір тәулікте 6300 болады. Қазан айында 2400. Реалистік сценарий бойынша қыркүйек айында 5300, қазан айында 1800 жағдайға дейін болады. Ал оптимистік сценарийге сай кыркүйекте тәулігіне 4200-ге дейін, қазан айында тәулігіне 1300-ге дейін коронавирус жұқтыру жағдайы тіркеледі. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.