Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында төтенше жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол өңірдегі тілшілеріміз Тараз қаласына таяу маңда қою түтін көтерілгенін мәлімдеді. Ресми органдар әлі хабар таратқан жоқ. Ал біздің тілішілеріміз оқиға орнына аттанып кетті. Алдын ала ақпараттарға қарағанда бұл қоймада болған жағдай. Ал нысан Қорғаныс министрлігіне тиесілі.