Қылмыстық іс қозғалды – Қ.Тоқаев Тараздағы жарылыс туралы

Мемлекет басшысы Тараздағы жарылыс туралы твиттерде жазды.

Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері мен Ішкі істер министрінің орынбасары барды. Жарылысқа жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ департаменті мен әскерилерден 30 шақты қызметкер жарақат алған.

Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалды. Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды» деп жазды Қ.Тоқаев

Жарылыс жалғасып жатыр

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды