Тараз маңындағы жарылыстың себебі анықталған жоқ – Қорғаныс министрлігі

Байзақтағы жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. Мұны Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жалын демде инженерлік қару-жарақ сақталған қоймаға жеткен. Әскери бөлім мен қойма 1972 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал 2019 жылы аталған қоймаға Арыстағы жарылыстан қалған оқдәрі әкелініп сақталған. Оқиға орнынан 3 шақырым жерде орналасқан 3 елді мекеннің жұрты көшірілді. Қорғаныс министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен бірге бронетехникамен қойма аумағында болды. Өрт әлі де сөнер емес.

Атап өтейік, инженерлік оқ-дәрілер жер үстінде сақталған. Жер астында қару-жарақ сақтау қоймасы жоқ.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері:

- Өртті сөндіру мүмкін болмады. Содан жалын басқа қоймаларға да жетті. Бірнеше жарылыс болды. Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер болуы мүмкін.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады. Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды