Тараз маңындағы жарылыс: қаза тапқандар саны тоғызға жетті

Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 9-ға жетті.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақ тапқандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қазір кей қаза тапқандардың жеке мәліметі анықталып жатыр. Бұдан бөлек жоғалған тағы 4 адамға қатысты деректер анықталуда.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады

 

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

 

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды