Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті

ҚР ТЖМ-нің нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы  жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды.

Қызметкерлердің жеке басы анықталуда.

Айта кетейік, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.

Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Байзақ ауданындағы жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Әскери қоймада қандай заттардың жарылғаны белгілі болды