Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында хабарлады.

«3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері». Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ» делінген хабарламада.