Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 6 қыркүйек күні еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

6 қыркүйекте Атырау облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с.

Түркістан облысында күндіз облыстың солтүстігінде және батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.