423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді

  • 267
  • UPD: 12:55, 08.09.2021
Елімізде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді Inbusiness.kz

Кетіп бара жатқан циклон мен фронтальді бөліктермен, солтүстікте, солтүстік-шығыста жаңбыр, шығыс облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде, найзағай мен бұршақ жауу ықтималдығы бар.

Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 3-11-ден 5-15-ке дейін, күндіз 15-23-тен 20-28-ге дейін. Солтүстік пен орталыққа келсек, мұнда түндегі негізгі фон 2-13-ті құрайтын болады.

Ал 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20-ға дейін, шығыста негізгі фон түнде 2-16-ға, күндіз 15-25-ке, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14-ке дейін, күндіз 19-30-дан 15-25-ке дейін жылу болады деп болжануда.

Хабар 24 телеарнасы