Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан стратегиясының негізгі ұстанымы – Қ.Тоқаев

Бүгін 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында болған террорлық актіден қаза тапқандарды еске алу күні. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимылдарды қолдайтынын нақтылады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы» деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.