Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады» делінген твиттердегі жазбада.