Қ.Тоқаев ҰҚШҰ сессиясына және ШЫҰ отырысына қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли твиттер парақшасында хабарлады.

Сонымен қатар бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланған.