Таразда жүргізуші 4 адамды қағып кетті: екеуі көз жұмды

2021 жылдың 15 қыркүйегінде таңғы сағат 07:20 шамасында Тараз қаласының С.Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бағыт алған Hyundai маркалы автокөлігінің жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.

Құрметті көлік жүргізушілері, сіздерге жол үстінде аса мұқият болуды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертеміз!

Сондай-ақ...