425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тараздағы жол апаты болған оқиға орнынан тікелей қосылым

  • 171
  • UPD: 16:05, 15.09.2021

Таразда жеңіл көлік жүргізушісі аялдамада тұрған төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнында екі адам қаза тауып, тағы екеуі қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға жеткізілген жолаушылардың бірінің жарақаты жеңіл. Дәрігерлердің айтуынша, екінші науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, миы шайқалған, қабырғасы сынған, екі тізесіндегі шеміршіктері үзіліп, жамбасы сынған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Оқиға таңғы 8:00 шамасында болған. Бауыржан Момышұлы көшесіне бағыт алған көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бірақ ол оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлерімен жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Екі адам жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған. Олардың бірінің жасы – 40-45, екіншісінің жасы 60-65 шамасында.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы