425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы күтіледі

  • 298
Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы күтіледі Peakpx

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 21-23 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальді жүйелермен батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, елдің солтүстігі мен шығысында екпінді жел мен аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.

Ауа температурасының негізгі аясы батыста түнде 3-17, күндіз 12-28 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылы, 3 градус аяз, күндіз 8-23 жылы, солтүстікте түнде 0-5, 3 градус аяз, күндіз 6-11 жылы, орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5, аяз 3 градус, күндіз 6-16 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 жылы.

Хабар 24 телеарнасы