Алматыдағы атыс: күдікті 20 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда сот орындаушыларына оқ жаудырған үй иесі 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Абдрахманов айтты.

Үй ішінде әйел, бала-шағаның болуына байланысты күдіктіні арнайы жасақ сарбаздары қару қолданбай-ақ қолға түсірген.

Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы яки «қызметтiк міндетін жүзеге асыруына, кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты кісі өлтіру» тармағы бойынша іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 20 қыркүйек, кешкі сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында сот қаулысын орындау кезінде 54 жастағы күдіктінің қолынан бес адам қаза тапқан еді.

Оның ішінде екі полиция қызметкері болған: олар Алатау ауданының учаскелік инспекторлары – 39 жастағы полиция майоры Дархан Сүлеев және 33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев.

 

Сондай-ақ...