Қазақстан Президенті Маңғыстау облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

«Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысады», – делінген Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды.