Қар, тұман, жел: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 28-30 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жауғызады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-10 жылыдан 6 аяз-5 жылыға дейін, күндіз 0-13 жылы, солтүстікте түнде 3 аяз-6 жылы, күндіз 5-11 жылыдан 2-8 жылы аралығында, орталықта 3-11 жылыдан 3 аяз-8 жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 жылыдан 2-10 жылыға дейін болжанады, шығыста түнде 3 аяз-10 жылы, күндіз 10-20 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 жылыды, күндіз 12-27 жылылықты құрайды.